Елорданың сот орындаушысы ұрыны қолға түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың жеке сот орындаушысы Ринат Тұрышев патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге кәнігі ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың сот орындаушысы ұрыны қолға түсірді

«Жеке сот орындаушысы Ринат Тұрышев патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге келіп түскен бағыттамамен рейдтік шараны жүргізу барысында кәнігі ұрыны қолға түсірді. Жарты сағаттың ішінде теледидар ұрлап, сатып та үлгерген ұры криминалдық полиция қызметкерлеріне табысталды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы елорданың Полиция департаменті басшылығына Ринат Тұрышевты ынталандыру туралы өтінім бермек.