Елорданың түнгі жарықтандырылуына күн сайын 67 мың кВт/с электр энергиясы жұмсалады

Елорданың түнгі көрінісі көз сүйсінерлік деуге толық негіз бар екенін баршы тұрғындар айғақтайды.
Түнгі жарықтандыру жұмыстарын 2003 жылы құрылған «Астана қалалық жарық» компаниясы жүзеге асырады. Аталмыш мекеме көше жарықтандыруына арналған жүйелерді техникалық қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Астана қаласында 50 мың жарық нүктесі орналастырылған: олардың 30 мыңы жол бойында орналасқан және ұзындығы 10 метрді құраса, қалған 20 мыңы саябақтар мен гүлзарларды жарықтандырады. Күнделікті Астананың түнгі жарықтандырылуына 67 мың кВт/с электр қуаты жұмсалады.
«Жаңа технологияларды енгізуімізге байланысты электр қуатын үнемдеуге қол жеткізіп отырмыз. Біз қазір жарық диоттарын пайдалануға көштік - бұл электр энергиясын үнемдейтін шамдар. Көшелерді жарықтандыруда пайдаланып отырған аталмыш шамдар қазіргі уақытта 40 пайызды құрайды, дейді «Астана қалалық жарық» ЖШС бас инженері Әділжан Торсықбаев.
Мекеменің мәліметінше, елордада көшелердің түнгі жарықтандырылуына бір айда 2 миллион кВт/с электр қуаты жұмсалады. Алайда бұл көрсеткіш жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады, себебі жазғы маусымда күннің бату уақыты ұзарады.
«Астана қалалық жарық» ЖШС «Астана Innovations» АҚ бірлесе көше жарықтандырылуы бойынша жүзеге асырып жатқан пилотты жоба да бар. Бұл жоба ең алдымен электр қуатын бақылауды мақсат етеді.
Қазіргі уақытта пилотты жоба Еңбекшілер көшесінде жүзеге асырылуда. Көше бойындағы жарық шамдарын диспетчерлік орталық түгелдей бақылауында ұстайды. Бұл жүйені қала бойынша пайдалану көзделіп отыр, деп хабарлайды astana.kz.