Елорданың тұрғын үй аулаларында автокөліктің жүргіншілерді қағып кету оқиғасы жиі кездесуде

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта елорданың тұрғын үй аулаларында автокөліктердің жүргіншілерді қағып кету оқиғасы жиі кездесуде,
None
None

деп хабарлады жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталған ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, осы айдың басынан бері елордада 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 6 адам түрлі дене жарақаттарына алса, 1 адам қаза тапқан. Сонымен қатар баспасөз қызметінің атап өтуінше, соңғы уақытта үйлердің аулаларында жүргіншілерді қағып кету оқиғасы да жиілеп кеткен.

Мәселен, шілденің 5-і күні кешкі сағат 19-00-дің шамасында Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі, әйел азаматша Күйші Дина көшесіндегі №15 үйдің ауласына кіріп бара жатып, жол жиегінде кетіп бара жатқан 4 жастағы баланы қағып кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген сәби есін жимастан қаза тапты.

Сондай-ақ шілденің 3-і мен 6-сы аралығындағы мереке күндері полицейлердің жол қозғалысын жіті қадағалауының нәтижесінде 1096 түрлі жол ережелерін бұзушылық анықталды. 43 жүргізуші автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталса, машинасын белгіленген жылдамдықтан асыра айдағаны үшін 286 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 25 азамат көлікті құжатсыз жүргізсе, тағы 29-на ұялы телефонды пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, 61 автомашина айыптұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар