Елорданың Тұрғын үй орталығына онлайн режимде қалай жүгінуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығында қолжетімді баспана туралы толық мәлімет пен мамандардың кеңесін алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ орталыққа интернет-ресурстар арқылы онлайн жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Тұрғын үй орталығы 2020 жылдың күзінде Республика даңғылы, 32 мекенжайында ашылған болатын. Мұнда тұрғын үй саласындағы барлық қызмет түрі көрсетіледі. Қала тұрғындары баспана алу үшін кезекке тұру, кезек нөмірі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және өзге мәліметті біле алады.
Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Тұрғын үй орталығының интернет-ресурстары қолжетімді, солар арқылы мамандардың көмегіне онлайн жүгінуге болады:
- мобильдік қосымша: zhilfond Nur-Sultan;
- сайт: zhilfond.kz, (онлайн кеңес беру, директордың блогына жүгіну), zhil-astana.kz.
- Instagram-дағы ресми аккаунттар: zhilfond_nursultan, upravlenie.zhilya;
- Facebook: Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қоры;
Кеңес алуға болатын WhatsApp нөмірлері:
8-776-198-29-70 – кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;
8-705-470 90-12 – тұрғын үй жалдау шарттарын қайта жасасу;
8-776-340-54-12 – тұрғын үйді жалдау шарттары бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтама алу;
МИБ / Жай серіктестік құру мәселелері бойынша:
8-775-512-52-52 – Алматы ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-775-526-33-41 – Байқоңыр ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-701-509-02-97 – Есіл ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-702-609-60-60 – Сарыарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы.