Елорданың үздік оқушылары арасындағы сайыстың қорытындысы шығарылды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің күнін атап өту қарсаңында елордалық мектептердің көшбасшы оқушылары арасында сайыс басталды. І кезеңге Астана қаласы білім мекемелерінен 268 үміткер қатысты. Соның ішінде 10-11 сыныптан 221 оқушы, колледждерден І, ІІ курстың 47 студенті қатысты. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлады.

Елорданың үздік оқушылары арасындағы сайыстың қорытындысы шығарылды

Ақтық сынға 10 қатысушы өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшыларының ішінде № 50 мектеп лицейдің 10 сынып оқушысы Назгүл Дүсембаева үздік атанды. Назгүл «Көшбасшы-оқушы» дипломымен марапатталып, ноутбук пен Англияға жолдама алды. Басқа да жеңімпаздарға түрлі аталымдар бойынша сыйлықтар берілді.

Атап айтқанда, «Алғыр» аталымында №40 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жақып Мадияр, «Тапқыр» аталымында №4 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Балтабай Райхан дипломмен марапатталды. №9 «Зерде» дарынды балалар мектебінің 10 сынып оқушысы Әбдікарімова Мәншүк «Парасат» аталымында көш бастады. «Зияткер» аталымының дипломымен №64 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Салтабекова Еркежан марапатталды. «Жеңіске құштарлық» аталымында М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің 2-курс студенті Құдайберген Аида марапатталды. «Қыран» аталымында №38 мектеп-лицейінің 10- сынып оқушысы Аймағанбет Шыңғысқа диплом берілді. №6 гимназияның 11-сынып оқушысы Тихомирова Дарья «Көрермен көзайымы» атанды. «Білікті» аталымында №70 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Әбдішүкір Ұлан марапатталды. № 60 мектеп-лицейінің 10- сынып оқушысы Чижик Тимур «Дарын» аталымының дипломын алды.