Елорданың жаңа әкімшілік орталығы автотұрақтармен қамтамасыз етіледі

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат -Астана қаласының әкімдігі тәуліктің мезгіліне байланысты автокөліктердің жиналып қалатын проблемалық аймақтарының тізімін анықтады.
None
None

 Олардың ішінде түнгі уақытта - 7 ірі аймақ, сондай-ақ күндізгі уақытта - 24 жергілікті аймақ бар. Елорданың ресми сайтының мәліметінше, осыған орай, автотұрақ жетіспеушілігі күндізгі уақытта -12,7 мың орынды, ал түнгі уақытта - 48,9 мың орынды құрайды.

«Осы аталған мәселелерді шешу мақсатында қаланың жаңа әкімшілік орталығында жалпы сыйымдылығы 4950 орын болатын 10 паркинг салу жоспарлануда», - деп хабарлайды Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Таяу уақытта Достық көшесі бойындағы Қорғаныс министрлігі маңында паркингтің құрылысын бастау көзделуде.

Сондай-ақ, ақылы автотұрақтар жүйесі Жобасы да әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум