Елорданың Жас көрермендер театры өзінің үшінші маусымын Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымымен ашты

АНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың Жас көрермендер театры өзінің үшінші маусымын Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымымен ашты,

Елорданың Жас көрермендер театры өзінің үшінші маусымын Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымымен ашты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұйымдастырылғанына 2-3 жыл ғана болған театр өздерінің деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бүгінгі күні  елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің шешімімен Бейбітшілік және келісім сарайына қоныс аударған театр ұжымы зор құлшыныспен осы «Ревизор» қойылымына дайындалған. Себебі бұған дейін олардың жеке ғимараттары болған жоқ. Бастапқыда Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында, кейін басқа бір ғимаратта орналасып, қойылымдарды дайындауға көп мүмкіншіліктері бола бермеген еді», дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов.

Театр ұжымы аз уақыттың ішінде елордалық жастардың зор қошеметіне ие болып үлгерді. Осыдан біраз бұрын олар Мәскеу қаласында өткен «Подиум» халықаралық театрлар байқауына аталған қойылыммен қатысып, 17 мемлекеттен келген өнер ұжымдары арасында ең үздік болып танылған болатын.

Қойылымның бас режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.