14:01, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елорданың жол полицейлері жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуын болдырмау үшін өз жұмыстарын жандандыра түспек
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың жол полицейлері жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алатын жол ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында өз жұмыстарын жандандыра түспек.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің бастығы Сағадат Қалиасқаров мәлім етті.
Оның айтуынша, 2009 жылы жүргіншілердің жол ережелерін өрескел бұзуынан 219 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 28 адам қаза тапса, 203 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жол полициясы қызметкерлері белгіленбеген жерден көшені қиып өткен 3778 жүргіншіні ұстап, әкімшілік жаза тартқан.
«Жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде жол полициясының қызметкерлері 183 жаяу жүргіншіні ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты», дейді С.Қалиасқаров.