Елорданың Жұмыспен қамту орталығы 5 жылда 35 мың адамның жұмыс табуына көмектесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өзінің бесжылдығын атап өтпек.
None
None

Орталық -  коммерциялық емес ұйым және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларын жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді іске асырады.

Осы аз ғана уақыт аралығында Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 16 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырды. Сонымен қатар, осы мерзім ішінде елорданың 35 мыңға жуық тұрғындарына жұмысқа орналасу бойынша жәрдемдесті.

Орталықтың негізгі мақсаттарының бірі - азаматтарды оқыту және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шарушылықты дамыту арқылы олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Жалпы алғанда, 100-ге жуық жобалар іске асырылды. Білім беру, спорт-мәдени, сауықтыру және медициналық мекемелерді күрделі және ағымдық жөндеу мақсатында, сонымен қатар, қала көшелері жолдарын салу және жөндеу мақсатында жұмыс орындары құрылған болатын.

Жалпы алғанда осы жоба шеңберінде 1 269 жаңа жұмыс орындары құрылды. Орталықтың негізгі қызметінің бірі - шәкіртақы төлей отырып, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың ақысыз курстарына жолдама беру болып табылады.

Бес жылдың ішінде осы курстарға 9,5 мыңнан астам адам жолдама алды. Сонымен бірге, Жұмыспен қамту орталығы азаматтарға лайықты бос жұмыс орындарын іздеумен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесумен, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне де жолдаумен айналысады. Бес жылдың ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1 696 адам, ал жастар тәжірибесіне 3 746 адам жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 10 мыңнан астам адам тартылды.

Еске сала кетсек, ұйымшыл, тату ұжымның арқасында соңғы екі жылдың аралығында елордадағы жұмыссыздық деңгейі бүкіл елмен салыстырғанда - ең төменгі көрсеткішті сақтап отыр. 

Соңғы жаңалықтар