Елші: Қазақстан дипломаттарына шетелде жұмыс істеу өте жеңіл

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесі құрылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшісі, Македониядағы және Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы Нұрбах Рүстемов мәлім етті.

Елші: Қазақстан дипломаттарына шетелде жұмыс істеу өте жеңіл

«Шынын айтсам, қызметімнің бірінші күнінен бастап маған аталған елдерде жұмыс істеу оңай болды. Жалпы қазақстандық дипломаттарға шетелде жұмыс істеу жеңіл. Неліктен? Себебі Қазақстанның, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың абыройы өте жоғары», - деп атап өтті Н. Рүстемов.

Оның сөзіне қарағанда, әріптестерімен қандай да бір тақырыпты талқылау кезінде проблемаларға тап болмаған екен. «Бізде кездесулер де, ашық пікір алмасулар да өтеді және біз барлық тақырыптарды өте жеңіл талқылаймыз. Егер де қандай да бір түсініксіз мәселелер туындаса, біз оларды кез келген деңгейде байсалды түрде талқыға саламыз», - деді Елші.

Оның айтуынша, аталған үш елмен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда кейбір қиындықтар туындайтын кездер болады. Бұл ретте Н. Рүстемов осы мәселе бойынша диломаттар тиісті жұмыстарды атқарып жатқандығын атап өтті.