Елшілік: Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы елге қайта алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинадағы Қазақстан Елшілігі елдің Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова шекара бекеті арқылы шыға алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Украинаның Одесса облысында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Молдова Республикасының Сатро-Казачья, Тудора және Серпневое-1 шекара бекеттері арқылы елден шыға алады.
Украина мен Молдова шекарасына дейін өз күшімен жетудің оңтайлы бағытын анықтап алуды ұсынамыз» делінген елшіліктің хабарламасында.
Молдовадағы Қазақстан Республикасы елшілігінің байланыс телефондары: +373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722
Қазақстан Республикасының Молдовадағы құрметті консулы Роман Станковтың байланыс телефоны: +373 788 22 222.