Элвис Преслидің гауһар тасты таға-сақинасы 205 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Julien's аукцион үйі Элвис Преслиге тиесілі таға түріндегі сақинаның 204 мың 800 долларға  сатылғандығын хабарлайды.

Элвис Преслидің гауһар тасты таға-сақинасы 205 мың долларға сатылды

 Ол әйгілі Elvis телеконцерті кезінде  әншінің қолында болған.

Сол кезде көлемді гауһар тасты әшекейлік бұйымды  әлемнің 100 миллионға жуық көрермені көрді. Ол концертке арнайы тіктірілген алтын жалатылған тастармен көмкерілген қыранның суреті бар ақ түсті костюмді толықтырып тұрды.

1973 жылы АҚШ-тағы хит-парадта бірінші орын алған Пресли концертінің саундтрегі шығарылды.