Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шығып, үйінде ем алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шығып, үйінде ем алып жатыр

«Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып , оның орнына Алексей Цой тағайындалған еді.

Оның алдында Елжан Біртановтың КВИ жұқтырып алғаны хабарланған.