Елжан Біртанов «Nur Otan» партиясында тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Nur Otan» партиясында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елжан Біртанов «Nur Otan» партиясында тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады

Қабылдауға жазылған тұрғындар министрге түрлі мәселелер бойынша жүгінді.

«Ең алдымен азаматтар медициналық көмектің сапасы, дәрілік қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру, шетелде емделу, науқастарды оңалту мәселелерін қозғады. Сонымен бірге, бейнеконференция байланысы арқылы еліміздің барлық өңірлеріндегі тұрғындар министрмен тікелей сөйлесе алды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Гауһар Бисарина.

Министр қабылдауына жалпы саны 30 адам келді.