Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба: Тілшілер Денсаулық министріне сұрақ қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға «бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба?» деген сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба: Тілшілер Денсаулық министріне сұрақ қойды

«Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне қабылдайсыз ба?», - деп сұрады тікелей эфир барысында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі.

Бұл сауалға Алексей Цой: «Қазіргі уақытта біз де мұндай ақпаратты алып отырмыз. Білуімізше, қазіргі уақытта ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр», - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін елімізде QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталып, вакцинаны тікелей эфир барысында алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алған еді.