Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогынде бестікке енді

АСТАНА. KAZINFORM - Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогынде бестікке енді
Фото: olympic.kz

Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар