«EMEA Finance» халықаралық қаржы журналы Қазақстандағы ең үздік банкті анықтады

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «EMEA Finance» халықаралық қаржы журналының жыл сайынғы шолуы нәтижесінде «Europe Banking Awards 2012» санаты бойынша жеңімпаздар анықталды. Онда «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ бесінші жыл қатарынан «Қазақстандағы үздік банк» деп танылды. Ал оның еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ «Europe Banking Awards 2012» санаты бойынша үшінші жыл қатарынан «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» ретінде жеңімпаз болып отыр.
None
None

Қазақстандық жетекші қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, басылымның шығарушысы әрі бас атқарушы директоры Кристофер Мур: «Қазақстан 2012 жылы өзінің қарқынды дамуын жалғастыра түсті, банк секторы қайтарылмаған несиелер деңгейін төмендетумен әлі де күресіп жатқанына қарамастан, біз жеңімпаз деп таныған Халық банкі бұл трендті өзгертті. Банктің осы аталым бойынша тағы да жеңімпаз атануы тектен тек емес», - дегенді айтқан.

«Қазақстан халық банкінің және тұтастай Halyk тобының қызметіне дүниежүзілік сарапшылар қауымдастығы тарапынан беріліп отырған мұндай шынайы баға біз үшін үлкен құрмет. Біздің бүгінгі жетістігіміз ертеңгі алар белесімізге - Қазақстанның банк жүйесіндегі көш бастаушы жетекшілік орынға шығуға жасалып отырған тағы бір қадам. Халық банкі мен оның Halyk Finance еншілес ұйымының дәл қазіргі табысы мұндай көрсеткіштерге де қол жеткізуге болатындығын айқын көрсетіп отыр», - дейді Қазақстан халық банкінің Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Соңғы жаңалықтар