Емханаға бармай-ақ еңбекке жарамсыздық парағын қалай алуға болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» қызметі уақытша еңбекке жарамсыздық парағын онлайн қалай рәсімдеуге болатынын түсіндірді.
Анықтаманы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.
eGov Mobile арқылы анықтаманы қалай алуға болады?
- «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіңіз;
- «Денсаулық сақтау» санатын таңдаңыз;
- «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз;
- «Жалғастыру» батырмасын басып, қажетті деректерді толтырыңыз;
- Өтінімге ЭЦҚ, SMS-пароль немесе eGov QR арқылы қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесі жеке кабинетте қолжетімді болады.
Айта кетелік екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесі нақтыланатыны туралы жазған едік.