Емханаларда қағаз стендтердің орнын инфобокстар басатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы емханаларындағы қағаз стендтер электронды форматқа көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Емхана туралы ақпарат инфобокстарға - арнайы мониторларға орнатылатын болады. Бұл мониторларда емхана туралы барлық ақпарат орналасады. Пациенттер сол ақпаратты оқып, таныса алады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мадиева.

Сонымен қатар, қалада денсаулық сақтау саласындағы ситуациялық орталық ашылады.

«Бұл орталық медициналық ұйымдардың ақпаратық жүйлерін біріктіру үшін керек. Сонымен қатар, әкімдік кадрлық тапшылықты бақылап, амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамту, қаржының қозғалысын бақылап отырады. Бұл ақпаратты білу үшін әр аурухана туралы мәліметті сұратудың керегі болмайды», - деді Ж.Мадиева.

Оның айтуынша, болашақта аталған жүйе барлық ТЖД қызметінің жүйелерімен біріктіріледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram