16:43, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Эмиль Мударисов Алматыда өткен Орыс бильярдынан абсолюттік чемпион атанды
g> ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Орыс бильярды» түрінен Қазақстанның абсолюттік чемпионаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазанның 27-сі мен 30-ы аралығында болған бұл додаға еліміздің ең мықты деген сегіз спортшысы қатысып, «еркін, құрастырмалы және серпінді пирамида» ережелері мен айналмалы жүйе бойынша сынға түсті.
Жарыс қортындысы бойынша Эмиль Мударисов төртінші рет алтын медаль мен кубоктың иегері атанды. Ал екінші орын Әлихан Қаранеевке бұйырса, Әуез Елубаев үшінші орынды қанағат тұтты.