«Эмирейтс» әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАпарат - Сиэтлден Дубайға бағыт алған «Эмирейтс» (БАӘ) әуе компаниясының «Боинг 777» жолаушылар ұшағы Астанада әуежайында жоспарсыз жағдайда қонды. Бұл туралы аталған әуежайдың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Эмирейтс» әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұл оқиға әуе кемесінде бір жолаушының денсаулығы нашарлауына байланысты 3 наурыз күні сағат 19:41 кезінде орын алды.

Атап айтқанда, ұшақ бортында 293 жолаушы мен 20 экипаж мүшесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері жолаушыны тексергеннен кейін, оған сапарды жалғастыруға рұқсат берілді.

Сағат 22:40 кезінде әуе кемесіне жанар-жағармай құйылғаннан кейін ол Дубайға қарай бағыт алды.