Эмиссиялық банктер дағдарыспен күресуде - derstandard.at жаңалықтар порталы

МАГДЕБУРГ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Австриялық derstandard.at жаңалықтар порталының хабарлауынша, Ресей мен Қазақстанда ұлттық валютаның құнсыздануына қарсы күрес күшеюде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Fitch» рейтингілік агенттігі Ресейдің несиелік қабілетінің бағасын бір бағамға ВВВ деңгейіне дейін төмендетіп отыр. Агенттік сарапшылары бұлай етуге ресей рублінің құнсыздануына қарсы күресте валюталық резервтердің азаюы себеп болып отырғанын ерекше атап көрсетуде. Ресейдің Орталық банкі рубльді қолдау үшін валюталық рыноктарда 210 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады (163 миллиард еуро), бұл елдің барлық валюталық қорының үштен бірін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де валюталық рыноктағы операцияларға белсенді атсалысуға мәжбүр болды. Қазақстандық теңгенің бағамы 18 пайызға (доллар 120 теңгеден 150 теңгеге көтерілді) түсіп кетті. Итальяндық «UniCredit» банкінің Венадағы бөлімінің сарапшысы Мартин Блюм, Ұлттық банктің мойнындағы жүкті шамалы болса да деңілдету үшін, осы қадам жеткілікті деп санайды. Блюм сондай-ақ, екі елдің де ұлттық валюталарының бағамы жақын келешекте қайта орныға бастайды деп болжап отыр.
Соңғы жаңалықтар