Эммануэль Макрон Франция президенті болып сайланды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияда президент сайлауының екінші турында «Алға» қозғалысының жетекшісі Эммануэль Макрон «Ұлттық майдан» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пеннен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Franceinfo порталына сілтеме жасай отырып.
None
None

Franceinfo порталының ақпаратынша, жергілікті уақытпен сағат 20:40-та (Астана уақытымен 00:40) бастапқы мәлімет бойынша Макрон 65,5%, Ле Пен - 34,5% дауыс жинады.

Ле Пен Макронға қоңырау шалып жеңісімен құттықтады. 

Эммануэль Макронды Туиттерде Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель, Шотландияның бас министрі Никола Стерджен, Еуропарламент президенті Антонио Таяни, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мен Германияның СІМ басшысы Зигмар Габриэль құттықтады.

Соңғы жаңалықтар