Эмомали Рахмон екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады

ДУШАНБЕ. KAZINFORM – Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөздердің қорытындысына көңілі толатынын жеткізіп, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Эмомали Рахмон
Фото: Ақорда

– Бүгінгі өзара сенімге құрылған келіссөздер барысында біз тұрақты саяси диалогты одан әрі қолдауға дайын екенімізді тағы да растадық. Осының негізінде қазақ-тәжік байланыстарының құқықтық базасын айтарлықтай нығайтатын бірқатар маңызды құжат бекітілді. Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылды. Мұның тарихи мәні зор екенін атап өткім келеді. Бұл маңызды құжат екі елдің ынтымақтастығы жылнамасының жаңа парағын ашады және стратегиялық серіктестігіміздің мығым іргетасы болады, – деді Тәжікстан Президенті.