Емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы басталды

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы басталды (1-7 тамыз).

Емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы басталды

1992 жылдан бастап, ЮНИСЕФ балалар қорының бастамасымен барлық елде өткізіледі. Қазақстан 1994 жылдан бұл мәселеге үлкен мән беріп, оны қорғау, жандандыру жөнінде ұлттық бағдарлама жасады. Қазақстанда 14 аурухана «Балаға аялы алақан» деген атпен жұмыс істеп, ЮНИСЕФ-тің «Алтын тақтасын» сыйға алды.