Ең арзан пісте май Шымкентте — литрі 529 теңгеден

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,4% өсті. 

Масло подсолнечное, фермеры, субсидии, АПК, подсолнечник
Коллаж: Kazinform, Midjourney

Осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 136,5 мың тонна өнім шығарса, 2023 жылы 103,9 мың тонна күнбағыс майын өндірген.

Отандық өнімнің нарықтағы үлесі 83,7%, бұл ретте өнімнің 16,3% сырттан әкелінеді.

Күнбағыс майының негізгі үлесі (софлор және мақта майын қоса алғанда) өткен жылы Өзбекстанға, Қытайға және Тәжікстанға экспортталды.

Елімізде күнбағыс майының орташа бағасы — литріне 651 теңге.

Өңірлер арасында күнбағыс майының ең төменгі бағасы Шымкентте — 529 тг/л, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында — орташа баға 865 тг/л.

Соңғы жаңалықтар