17:09, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Ең бастысы - спорттық рухты жоғалтпау - Әлем чемпионы М.Гриднева
СТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған «Біздің күшіміз - спортта!» атты акция өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара барысында каратэ, тэквандо және ән-би ұжымдарының қатысуымен спорттық шеру өтіп, Қазақстанның белгілі спорт ардагерлеріне, сондай-ақ Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді. Каратэ-кекушинкайдан Әлем чемпионы Мария Гридневаның сөзіне қарағанда, осы іспетті спорттық іс-шараларды өткізу арқылы қазақстандық жастарды салауатты тұрғыда тәрбиелеуге әбден болады. «Себебі, сахнаға шыққан белгілі спортшыларды, чемпиондарды көрген кезде, жастардың бойында рух пайда болады. Ең бастысы - осы спорттық рухты жоғалтпау», - дейді М.Гриднева.
Айта кетейік, өткен жылы Әлем чемпионы атанған М.Гриднева бүгінде каратэ мектебінде қызмет етіп жатыр және оған Елбасы Астана қаласынан пәтер сыйлаған болатын.