Ең дұрыс болжамдаушылар доллардың нығаятынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Julius Baer банкінің сарапшылары жуырда Ұлыбританиядағы референдум қарсаңында фунт пен иена бағамына дұрыс болжам жасап, Bloombergтің валюталық стратегтері рейтингінің көшін бастады.
None
None

Енді олар доллардың нығаюын болжап отыр, деп хабарлады РБК.

Bloomberg агенттігінің мәліметтері бойынша, Швейцариялық Julius Baer банкінің сарапшылары  екінші тоқсанда валюта бойынша дәл болжам жасады. Олар үшінші тоқсанда доллардың нығаюын күтуде, деп хабарлады Bloomberg. Банктің валюталық стратегтерінің пікірінше, американдық валюта алдағы үш айда иенадан «тыныш айлақ» рөлін тартып алуы мүмкін.  

Екінші тоқсанның соңына қарай иена долларға шаққанда 4%, $1 үшін ¥106 дейін арзандайды, еуро бағамы 2%, $1,08 үшін €1 төмендейді, деп санайды Julius Baer валюталар бойынша бас стратегі Дэвид Коль.

Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Julius Baer дәл болжайтын валюталық стратегтерімен Bloomberg нұсқасы бойынша рейтингте екінші орыннан бірінші сатыға көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар