02:45, 24 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ең қауіпсіз көліктер аталды
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жол қауіпсіздігін сақтандыру институты (IIHS) краш-тесттер негізінде елдегі ең қауіпсіз автокөліктер тізімін құрастырды. Ең жоғары ұпайды Honda көліктері: Civic 4D, купе және седан Accord, Odyssey минивэні алды, деп жазады «Газета.Ru».

IIHS финалдық рейтингісіндегі моделдердің жартысынан көбі Жапония автокөлік өнеркәсібінен шығарылған модельдер болып табылады. Ең қауіпсіз көліктер тізіміне Honda компаниясы шығарған сегіз бірдей автокөлік кіріп отыр. Олар - Civic 4D және 2D, Odyssey, Accord 2D және 4, сондай-ақ, Acura: MDX, RLX және TL модельдері.