Ең келбетті қазақстандықтар (ФОТО)

деп жазды бүгін «Экспресс К» басылымы «Самые красивые казахстанцы» мақаласында.
Жуырдан бері бұл виртуалды бірлестіктер әлемнің 600-дан астам қаласында, оның ішінде біздің елде де пайда болды.
Халықаралық сән журналымен аттас әлеуметтік акцияның қатысушылары арасында әртүрлі адамдар - сәнбикелер, әртістер, әншілер мен режиссерлер, ди-джейлер бар. Не дегенмен, көп жағдайда олар өздерінің көріктілігін бүтін әлемге көрсету үшін студиялық фотосуретшіге ақшаларын аямаған қарапайым адамдар.
Олардың кейбірі - фотографтардың өздері, мәселен Астана қаласының тұрғыны Эльмир Манасбаев сияқты. Ал кейбір қазақстандықтардың сыртқы келбеті бүгіннің өзінде әлемдік сән индустриясына қызмет етуде. Мәселен, Қазақстандық Батыр Кенжебаев Гонгонгта тұрады, ол иіс су мен киімдердің жарнамаларына түседі.
Қазақстандық қыздардың сұлулығы тамсандырады. Диана Ямлиханова, Жұлдыз Сапарғалиева, Аида Жақыпова, Гүлзира Сатова сияқты сәнбикелер өздерінің бір көзқарастарымен-ақ бақытқа деген өз құқықтарын дәлелдейді. Top people-дің өкілдерінің пікірінше, Астана қаласының тұрғыны Айнұр Ысқақова сияқты мемлекеттік қызметте де, немесе жануарлардың құқығын қорғаушы Қостанай тұрғыны Анна Вендель сияқты әркез сұлу болуға болады деп санайды.