Ең қымбат қарақұмық Ақтауда — келісі 880 теңгеден

қарақұмық
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы бір жылда жарма бағасы қалай өзгергеніне шолу жасады. 

2024 жылдың ақпанында күріш бағасы жылдық мәнде 26% өсті.

ҚР бойынша бұл өнімнің орташа бағасы бір келісіне 678 теңгені құрады, күріштің ең жоғары бағасы Ақтауда — келісіне 906 теңге.

Ал талдықорғандықтар күрішті ең төмен бағамен сатып ала алады — 483 тг/кг.

Қарақұмық бағасы жылдық мәнде 24,3% төмендеді.

Қазақстан бойынша бір келінің орташа бағасы — 541 теңге. Қарақұмық қымбатшылығы Ақтауда тіркеліп отыр — 880 теңге тг/кг, ал ең төменгі баға Ақтөбеде — 393 тг/кг.

Сұлы жармасы бір жылда 3% қымбаттады, бір кг орташа бағасы ақпанда 669 теңгені құрады.

Алматыда бұл өнім ең қымбат — 784 тг/кг, ал ең төменгі баға Қарағандыда тіркелді — 438 тг/кг.

Арпа бағасы бір жылда 2,8% көтерілді.

Республика бойынша бұл жарма түрінің орташа бағасы келісіне 394 теңге. 

Арпаның ең жоғары бағасы Ақтауда — 1кг 616 теңге, ал ең арзаны Қонаевта — 305 теңгеден. 

Соңғы жаңалықтар