Ең көп табыс табатын жұлдыздар рейтингі жаңарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Forbes журналы 2014 жылғы 1 маусымнан бастап ағымдағы жылғы 1 маусым аралығын қамтыған әлемдегі ең көп табыс табатындардың 17-ші жыл сайынғы рейтингін жариялады.
Бірінші орында жылына 300 миллион доллар пайда табатын америкалық боксшы кіші Флойд-Мейвезер тұр. Екінші орын осы уақыт ішінде 160 миллион доллар алған филлипиндік боксшы Мэнни Пакьяоға тиесілі. Үшінші сатыға жылдық кірісі 135 миллион долларды құраған әнші Кэти Перри жайғасты.