20:17, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Ең қорқынышты фильмдер аталды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Total Sci-Fi атақты порталы кино тарихындағы 100 ең үздік қорқынышты фильмдердің тізімін әзірледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Тізімде құбыжықтар, елестер, зомбилер және т.б. жөніндегі таспалар бар. Ал оларды Стивен Кингтің экрандалған шығармалары бастайды.
Total Sci-Fi тарихындағы үздік деп 1980 жылы Стенли Кубрик түсірген «Шұғыла» фильмі танылды. Екінші орында атақты режиссердің тағы бір классикалық фильмі - Роман Полански баяндаған Сайтанның баласының туу тарихы туралы «Розмаридің баласы» деп аталатын таспасы (1968).
Үздік ондыққа енетін фильмдердің барлығы да - голливудтық өнімдер.