Ең қорқынышты фильмдердің тізімі жарияланды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қорқынышты 20 фильмнің кезекті тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Ең   қорқынышты фильмдердің   тізімі   жарияланды

Бұл рейтинг батыс елдері қарашаның 1-іне қараған түні тойлайтын «Хеллоуин» мерекесінің қарсаңында жасалып отыр. Тізімге өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарының «жүрек тоқтатар» фильмдері кірген.

Бірінші орынға Стивен Кингтің романы бойынша Стэнли Кубрик түсірген «Шұғыла» фильмі қойылса, екінші орында - 1973 жылы түсірілген «Әзәзілді қуушы», ал үшінші орында -1974 жылы түсірілген «Техастағы қанды қырғын» фильмі тұр.