Ең кішкентай дирижер Атырауда тұрады

АСТАНА. KAZINFORM –  Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндер оркестрі бар. 

Ясина Нәбен
Фото: Видеодан алынған скрин

Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жасар, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбен оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді.

— Оның шығарманың екпініне қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес, музыканы сезінуі таңғалдырады, — дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева. 

Айта кетелік «Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған еді

 

Соңғы жаңалықтар