03:44, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Ең қымбат әлемдік брендтер белгілі болды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Interbrand консалтингі компаниясы 2012 жылғы ең қымбат брендтердің рейтингісін жариялады, деп хабарлады Утро.ру.

Interbrand-тың биылғы рейтингісінде бірінші орынды 13-рет қатарынан Coca-Cola сауда маркасы иемденді, агенттік сарапшылары оны 77,839 миллиард долларға бағалап отыр.
Екінші орын Apple-ге бұйырды. Өткен жылғы рейтингіде бұл бренд тізімнің 8-жолында тұрған болатын. Бір жыл шінде оның құны екі есе өсіп, 76,568 миллиард долларға жетті. ІВМ бренді екінші орыннан үшінші жолға сырғыды (75,532 миллиард доллар).