03:05, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Ең қымбат бір жатын бөлмелі пәтер 22 миллион долларға сатылды
None

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Токионың беделді Минами-Азабу ауданында бір жатын бөлмелі қымбат пәтер 21,8 млн.долларға сатылды, деп хабарлады Infox.ru.
Ауданы 411 шаршы метр пентхаустың әйнектелген террасасы, екі жүз жұп аяқ киімге арналған шкафтар орнатылған кіреберісі, душ кабиналарымен жабдықталған екі санитарлық торабы және бақ орналасқан ішкі аулаға бөлек шығатын есігі бар.
Пәтер иесі оны жайлырақ ету үшін жыл жарым уақыт бойы жөндеумен айналысқан. Жөндеуден кейін оның бір шаршы метрінің құны 53 мың долларға артты.
Қабырғалардың біріне камин және проекциялық экран орнатылған, апартаментке итальяндық жиһаздар қойылған, қонақ бөлмеде жапондық суретші Хироси Сэндзюдің осы пәтерге арнайы салынған суреті ілулі тұр.