Ең қымбат жарнама: жарты минуты 2 млн доллар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оскар» сыйлығын табыстауға арналған салтанатты шараны тікелей эфирден көрсету барысында берілетін 30 секундық жарнама құны 2 млн доллар тұрады , деп жазады Росбалт.

Ең қымбат жарнама: жарты минуты 2 млн доллар

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 8 пайызға көп, жарнамаға берілген барлық уақыт сатылып кетті», - деп мәлімдеді АВС телекомпаниясының өкілі. Сарапшылардың айтуынша, жарнама агенттіктері тікелей көрсетілімді жоғары бағалайды. Еске сала кетейік, «Оскар» сыйлығының 87-ші марапаттау рәсімі жексенбіде «Hollywood & Highland Center» өтеді. Салтанатты шара жергілікті уақыт бойынша 17:30 -да басталады.