Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасауға арналған конвенция мақұлданды - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасауға арналған конвенция мақұлданды - Мәжіліс

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Конвенцияның негізгі мақсаты мемелкеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте әрбір мемлекет жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге де жолмен тиімді реттеудің белгілі рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында (атап айтқанда үй шаруашылығында) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлерін белгілеуге міндеттеледі. «Еліміздің ағымдағы жағдайы және ұзақ мерзімді даму міндеттерімен байланысты қолда бар мүмкіндіктер, тиімділік пен қажеттілік осы конвенцияны қабылдаудың негіздемелері болып табылады. Сонымен қатар, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және төлеу Қазақстанның Конституциясында белгіленген аса маңызды әлеуметтік кепілдіктердің қатарына жатады. Бұдан бөлек, елімізде еңбекақыны төлеу кепілдіктері мен ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі Еңбек кодексімен реттелген және экономиканың барлық салаларының қызметкерлері үшін бірдей болып табылады», дейді Т. Дүйсенова. Жалпы, конвенция бойынша ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақыны анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған жүмысшы өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен алуға құқығы қаралады.