Ең үлкен көгілдір гауһар тастың құны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үлген көгілдір гауһар тас Christie's бассаудасына шығарылмақ. 13.22 караттық асыл тас кем дегенде 15 млн. футқа саудаланбақ. Сарапшылардың болжамынша, орташа есеппен 21 млн. доллардан (£12,5 млн) бастап, 25 млн. долларға (£15 млн) дейін пайда жасауға болады.
Christie's бәссаудасының Оңтүстік Америка мен Швейцариядағы зергерлік бұйымдар бойынша басшысы Рахул Кадакианың сөзіне қарағанда, гауһар тастың іші мен сыртында еш кемшілік жоқ. Айта кетейік, көк және көгілдір гауһар тастар өте сирек кездеседі және әлемде алмаздарды өндіру үлесінде тек екі пайызды ғана құрайды, деп жазады Росбалт.