Ең ұзақ әуе рейсін жасаудан рекорд жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралиялық Qantas Airlines әуе компаниясының ұшағы әуеде ең ұзақ авиарейсті орындады. Бұл туралы аталмыш компания өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең ұзақ әуе рейсін жасаудан рекорд жаңартылды

Лондоннан шыққан Boeing 787-9 Dreamliner лайнері Сиднейге дейін әуеде 19 сағат 19 минут болған. Осы уақыттың ішінде борттағы 50 жолаушы күннің екі рет - Еуропа мен Азияда шыққан сәтін көрді.

Айта кетсек, 2019 жылғы қазанда әуе компаниясы Нью-Йорк –Сидней бағыты бойынша 19 сағат 14 минут ұшып, ешқайда аялдамай ең ұзақ авиарейс жасаудан рекорд орнатқан болатын.