Ең зәулім мұнара Токиода ашылмақ
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең зәулім мұнаралардың бірі Токиода мамырдың 22-де ашылады.
Оның биіктігі - 634 метр. Яғни, Дубайдағы Бурж Халифадан (828 метр) кейінгі екінші орында тұр. «Аспан бәйтерегіне» сейсенбі күні алғаш рет журналистер кіріп, репортаж берді. Ғимаратты алдағы бір жылда бес миллион адам тамашалайды деген болжам бар. Ал, оның 4-жылдық құрылысына кемінде 800 миллион доллар қаражат жұмсалған екен.