Ең жеңіл ноутбук ұсынылды, салмағы - 979 грамм

АСТАНА. ҚазАқпарат - LG компаниясы жеңіл әрі диагоналі кең LG Gram 15 ноутбугін жұртшылық назарына ұсынды. Қалыңдығы 1,5 см болатын құрылғының салмағы - 979 грамм.

Ең жеңіл ноутбук ұсынылды, салмағы - 979 грамм

Осы көрсеткіштер арқылы оның ең жеңіл әрі ыңғайлы лэптоп екендігін байқау қиын емес, деп жазады theverge.com. Диагоналы 15 дюймдік LG Gram-ның IPS-дисплейі бар. USB қондырғыға арналған саңылауы Type-C болып табылады. Бұл ноутбуктің процессорлары - Intel Core i5 және Intel Core i7. Ал оның батареясының қуаты үздіксіз 7 сағат жұмыс істеуге жетеді, деп хабарлайды 24.kz.