Ең жоғарғы «Құбылай хан» атағы орыс ғалымына берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия Ғылым академиясының «Құбылай хан» атындағы ең жоғарғы атағы Ресей ғалымы Зинаида Тихоновна Голенковаға берілді, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» агенттігі.

Ең жоғарғы «Құбылай хан» атағы орыс ғалымына берілді

Жоғарғы сыйлыққа ие болған ғалым Моңғолия мен Ресей арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға үлес қосып келеді. Ол РФ Ғылым Академиясы Әлеуметтану институты директорының орынбасары болып қызмет атқарады.

2010 жылдан бері РФ ҒА Әлеуметтану институты Моңғолияның жас әлеуметтанушыларын дайындап келеді.