Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылғы желтоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 137 043 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы желтоқсанға қарағанда 107,6 пайызды, ал нақты жалақы индексі 102,6 пайызды құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 275,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 274,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 273,3 мың теңге көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде тіркелді (63,5 мың теңге), бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,7 пайызға төмен. «Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 251,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 83,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 38,8 пайызға төмен», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.