Ең жоғары жалақы қай салада екені анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 104654 теңгені құрады.
Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы қаңтарда 105,5 пайыз, ал нақты жалақы индексі 101,0 пайыз болды.
«Салалық құрылымда ең жоғары жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 207,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде - 197,8 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде 179,2 мың теңгеге белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде - 52,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8 пайызға төмен»,-делінген ҚР Статистика агенттігі мәліметінде.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 194,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,4 пайызға төмен.