«Еңбек» бағдарламасы бойынша 2 жылда 750 мың жұмыс орны құрылады - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін арттыру мен «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдағы 2 жылда «Еңбек» бағдарламасы шамамен 1,5 миллион адамды қамтиды, 750 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. 2020-2025 жылдары 1 миллионға жуық пәтер салынады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Соңғы жаңалықтар