Еңбек демалысына шыққандар эпидахуалды ушықтыруда – Жанна Пралиева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева жазғы еңбек демалысына шыққан тұрғындардың жауапсыздығы эпидемиологиялық ахуалды ушықтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аурудың таралуы күрт артуына жазғы еңбек демалыстары мен каникулдар да да себеп болып отыр. Адамдар ел ішінде қаладан-қалаға көп қатынап жатыр. Сапар барысында қорғаныс шараларын сақтамайды. Маска режимін ұстанбай, адамдар көп шоғырланатын шараларға жиі барады. Ауру жұқтырғандардың 53 пайызы сауда және қоғамдық тамақтану орындарына, көңіл көтеру мекемелеріне барған. 34 пайызы үй жағдайында жұқтырса, 17 пайызы жұмыс орнында ауруға шалдыққан. Бұл жұмыс орындарында да маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетеді», - деді маман қалалық әкімдіктің онлайн брифингінде.

Жанна Пралиева еңбек ұжымдарымен бірге қызмет көрсету нысандары да сақтық шараларын көзге ілмей отырғанын жеткізді. Тексерулер мен рейдтер кезінде қызметіне шектеу қойылған мекемелер ізін ала өз бетімен жұмысын жалғастырған жайттар тіркелген.


Соңғы жаңалықтар