Еңбек Ері халықты сайлауға белсене қатысуға шақырды

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Социалисттік Еңбек Ері Күләш Айтжанова елді бүгінгі сайлауға белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әйгілі жүгеріші, Социалисттік Еңбек Ері, Жетісу облысының және Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Күләш Айтжанова Қазақстан Республикасы президентін сайлауға Жаркент қаласындағы №735 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сексен жастың сеңгірінен асқан қарт ана өз таңдауын жасағанын айтып, өзгелерді де осынау саяси науқаннан шет қалмауға үндеді.

«Мен егемен еліміздің кемел келешегі үшін дауыс бердім деп есептеймін. Өйткені, бүгінгі сайлау Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырудың қайнар көзі, батыл бастамасы болып табылады. Мемлекетіміздің дамуы, халқымыздың әл-ауқатының артуы, жастарымыздың жарқын болашағы ел басшысының көрегенділігі мен сарабдал саясаткерлігіне тығыз байланысты. Сондықтан да сайлауға қатысып, таңдау жасап, дауыс бердім», - дейді Еңбек Ері Күләш анамыз.

Автор Нұрәділ БЕГІМБЕТ


Соңғы жаңалықтар