Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тұжырымдама қабылданады

тұжырымдама
Фото: Kazinform

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тұжырымдама қабылданады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үлкен жол картасы болған. Өткен жылдан бастап жұмыс берушілермен жұмыс істеп, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі жөніндегі тұжырымдаманы әзірледік. Желтоқсан айында қабылданады деп күтіп отырмыз. Оны жұмыс берушілермен бірге қарастырдық. Бірақ, жұмыс берушілер тарапынан аздаған келіспеушілік бар. Оның дұрыс еместігін айтып отырмыз», — деді вице-премьер.

Осы орайда Тамара Дүйсенова жұмыс берушілердің неліктен келіспей отырғанын түсіндіріп өтті.

«Қазіргі таңда жұмыс орнының қауіпті не қауіпсіз екендігін анықтау үшін аттестация жасалады. Аттестация құны орташа деп айтуға болады. Барлық жұмыс орны есептеліп, орташа бағасы шығарылады. Біз "бұлай болмайды, қанша жұмыс орны болса, соның бәрін аттестаттаймыз" деп отырмыз. Сонда мына цехтарыңыз аса қауіпті, мына цехтарыңыз орташа қауіпті орын екен деп айта аламыз. Оны реттеу керек… Әрине, жұмыс берушілерге қаржылық жүктеме болады… Меніңше, келесі жылдан бастап осы тұжырымдамаға орай Еңбек кодексіне тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар